Головкиннің дәл соққысы 39 мың доллар тұрады

06 Наурыз, 2019 4417 0

Ұлыбританияның букмекерлік кеңселерінің бірі Ladbrokes танымал британдық боксшылардың бір дәл соққыға шаққанда қанша табыс тапқанын есептеді, деп жазады Sports.kz.

ТОП-10 рейтингте тоғызыншы орынға 2016 жылы Лондонда Геннадий Головкинмен өткізген айқасы үшін Келл Брук орналасқан. Ladbrokes дерегі бойынша, британдық жекпе-жек үшін 85 дәл соққы берген. Оның әр соққысы 46 433 фунт стерлингке (61 мың доллар) тең болған. 133 соққыны дөп түсірген Головкин әрқайсысы үшін 29 675 фунт стерлинг алған (39 мың доллар).

Еске салайық, Головкин-Брук жекпе-жегі бесінші раундта британдық боксшының бұрышы рингке сулық тастағаннан кейін тоқтатылған еді. Бірінші орынды Амир Хан иеленді. Ол Сауль Альвареспен айқасы үшін 213 784 фунт тапқан. «Канело» әрбір дәл түскен соққысы үшін 43 168 фунт алған.

    

Тегтер: головкин, бокс, чемпион, букмекер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.