ЛДПР басшысы Владимир Жириновский Ресейдің Мемлекеттік Думасында сөйлеген сөзінде Қарабақтағы қақтығыстың Ресей шекарасындағы елдерге әсері жайлы айтты. «Армения мен Әзірбайжан арасындағы Қарабақ үшін қақтығыс Ресей шекарасындағы үлкен мәселеге айналуы мүмкін» дейді ол. Кавказдағы қақтығыстар КСРО-ның қате саясатының салдары екенін атап өтті.
"Міне, Ресейдің маңында үлкен келеңсіздіктер бар. Күте тұрыңдар, әлі Орталық Азия отқа оранады. Қазіргіміз жел болса, нағыз дауыл сол аймақта болмақ», - деді Ресей саясаткері.
Орталық Азияға Ауғанстанның жақындығы да аймақ тұрақтылығына әсер ететінін тілге тиек етті. «Ресейдің оңтүстік шекарасына босқындар ағылып келуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын» деді ол.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ