Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Рудный әкімі отставкаға кетті

Рудный әкімі отставкаға кетті

Рудный әкімі отставкаға кетті
ашық дереккөзі
 width= Рудный әкімі Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный әкімі отставкаға кету туралы өтініш жазған. Бақытжан Ғаязов бұл қызметте 9 жыл болған еді. Бақытжан Темірұлы Ғаязов 1962 жылы 27 қазанда РФ Челябі облысы Қарталы ауданы Роднички ауылында дүниеге келген. 1982 жылы РФ Челябі облысы Троицк қаласы зооветеринария техникумын бітірді. 1982- 1984 жылдары - Кеңес Әскері қатарындағы қызметте болды. 1989 жылы Троицк ветеринар институтын ветеринар дәрігері мамандығы бойынша, 2003 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.