Қырғызстан мен Беларусьтен нашармыз: Еліміздегі интернет еркіндігі төмен деңгейде
Қырғызстан мен Беларусьтен нашармыз: Еліміздегі интернет еркіндігі төмен деңгейде
Freedom House ұйымдастырған әлем елдеріндегі интернет еркіндігі рейтингісі бойынша Қазақстан 50 орынға жайғасты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бұл рейтингіде БАҚ-тағы, интернеттегі еркіндік дәрежесі бағаланады. Интернет бостандығы бойынша Исландия бірінші орында тұр. Үздік бестіктің қатарына Эстония, Канада, Германия және Австралия кіреді. Жалпы бұл рейтингіге 65 мемлекет қатысады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 50 орынға дейін төмендеп кеткен. Осы рейтинг бойынша Беларусь (48-орын), Әзірбайжан (45-орын) және Қырғызстан (25-орын) мемлекеттері Қазақстанның алдына шықты.
Рейтингіде үш шартты топ бар. Олар: еркін, жартылай еркін, еркін емес. Еліміз үшінші топқа жатады.