Мерекеге орай Атакентте «NowRyz рarty» ұйымдастырылады

05 Наурыз, 2019 650 0

«Атакент» көрме орталығының алдындағы алаңда атақты тиін Наурыз мерекесінде жаңартылады. Оның басына тақия, ал қолына қызғалдақ қойылады. Тиін дәл осылай бір ай бойы тұрады, деп жазады Informburo.

22 наурызда өнер объектісінің жанындағы алаңда Шығыс Жаңа жылының мерекесіне арналған NowRyz фестиваль өтеді.

«Қызғалдық – көктем мерекесінің белгісі, ал тиін сол дәстүрге, энергияға және өмірге деген құштарлықты, сондай-ақ көктемнің бай түстерін құрайтын ерекше символға айналатын болады», - деді.

Шаршы алаңға ұлттық киіз үйлер тігіліп, қонақтар қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм тататын болады. Басқа киіз үйлерде түрлі семинарлар болады.

«Кәсіби орындаушылар музыкалық аспаптарды, қобызды немесе домбыраны ойнауға үйрететін болады, басқа киіз үйде ұлттық әшекейлер мен декоративті кескіндеме жасауға немесе қолөнер бұйымдарын жасауды қолға аламыз», - деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, фестиваль Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді

newsroom.kz сілтейді



Тегтер: 22наурыз, көрме, тиін, алматы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.