Жаңалықтар

«Орта салмақтың патшасымын»: Әлімханұлы Канело, Андраделерді оңай жеңе алатынын айтты

«Орта салмақтың патшасымын»: Әлімханұлы Канело, Андраделерді оңай жеңе алатынын айтты

 width= Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Boxing Social басылымына берген сұхбатында бірден төрт дивизионда әлем чемпионы болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақ боксшы келесі жекпе-жегін 9 қазан Лас-Вегаста өткізеді. "Төрт салмақта әлем чемпионы болғым келеді. Жай ғана чемпион емес, атақты чемпион. Бокс тарихына атымды жазғым келеді. Өсіп келе жатқан жас боксшылар менің стилімді - Qazaq Style-ді қайталағысы келетіндей. Бұл жай ғана сөз емес, бұл түпкі мақсат. Осының бәріне жетпейінше мені ешкім тоқтата алмайды. Мені рейтингтегі позициялар толғандырмайды. Мен ең мықты чемпиондармен жұдырықтасқым келеді. Джермалл Чарло, "Канело" немесе Деметриус Андраде. Оларды оңай жеңе аламын. Орта салмақ? Бұл менің дивизионым, мен оның патшасымын. Алда өз тағыма отырамын", - дейді Әлімханұлы. Сонымен бірге боксшы Қазақстандағы бокс туралы да айта кетті. "Жыланды мен үшін әлемдегі ең тамаша мекен. Отбасым, менің анам Қазақстанда тұрады. Сол жерде бокспен шұғылдана бастадым. Қазақстанда жақсы боксшылар көп, бізде әрдайым мықты мектеп болды. Бапкерлеріміз өте жақсы, әуесқойда жарыстарға көп шықтық. Сол турнирлердің бәрі жақсы тәжірибе болды. Кәсіпқой бокс Қазақстанда бұрынырақ дамығанда, қазіргі уақытта әлем чемпионы титулдарының бәрін иеленген болар едік", - дейді спортшы.