Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтанда тағы бір оқушыдан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
 width= Нұр-Сұлтанда жаңа оқу жылы басталғалы бері алты оқушыда коронавирус диагнозы расталды. Оның біреуі мектепке кезекші сыныпқа барып жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Жаңа оқу жылы басталғалы бері коронавирус жұқтырған 6 оқушы тіркелді. Оның біреуі мектепке барып оқып жүрген, қалған бесеуі қашықтан білім алуда", – деді Пірәлиева онлайн брифингте. Айтуынша, кезекші сыныпта білім алатын оқушының індетке шалдыққаны анықталған соң, онымен байланыста болғандар тексерілген. Олар – алты мұғалім және 13 бала. Бәрінің коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Мектепте дезинфекция жүргізілді, балалар мен мұғалімдер үй карантиніне алынды. Қазір бәрі сабаққа қайта оралды, деп толықтырды бас санитарлық дәрігер. Пірәлиева қазіргі таңда мектеп мұғалімдері арасында вирус жұқтырғандар тіркелмегенін атап өтті.