Денсаулық сақтаудың бұрынғы вице-министрі, қазір Ұлттық дәрі-дәрмек сараптау орталығының бас директоры Ерік Байжүнісов бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Электронды қадағалаушы білезіктің экс-вице-министрге тағылғандығы туралы департамент нақты жауап берді.
– Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған зерттеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүдделері үшін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмеген. Істің соңғы бағасын сот береді, – делінген хабарламада.