Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан болатыны белгілі болды

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан болатыны белгілі болды

Токио Олимпиадасының алау эстафетасы қашан болатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
 width= Токио Олимпиадасының алау эстафетасы келер жылдың 25 наурызында Фукусима префектурасында басталады. 121 күнге созылады. Бұл туралы Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетіне сілтеме жасап olympic.kz сайты хабарлайды. Олимпиада алауының эстафетасы Фукусимадағы футбол орталығында басталып, кейін Жапонияның 47 префектурасында болады. «Токио -2020» ұйымдастыру комитеті коронавирус індетіне байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейтеді деп күтілуде. Одан бөлек, ұйымдастырушылар Олимпиада алауы эстафетасын мейілінше жеңіл өткізудің жолдарын қарастырып жатыр. Еске салайық, XXXII Жазғы Олимпиада ойындары Жапонияда 2020 жылдың жазында өтуі тиіс болатын. COVID-19 пандемиясына байланысты Ойындар кейінге шегерілді. Соған қарамастан, Олимпиаданың «2020» жазуы сол күйі сақталып қалды. Халықаралық олимпиада комитеті белгілеген Токио Олимпиадасының жаңа датасы – 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – бұрын-соңды болмаған ең инновациалық Олимпиада болады. Онда 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиада-2020-ға жаңадан бес спорт түрі енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ, серфинг, спорттық құзға өрмелеу және скейтбординг. Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі елімізде Токио Олимпиадасына іріктеу турнирлері қашан басталатынын мәлім еткен еді.