Милицияға апарып соттаңдар: Ринат Зайтов маңызды видеоүндеу жасады
Милицияға апарып соттаңдар: Ринат Зайтов маңызды видеоүндеу жасады

– Ассалаумағалейкүм ағайындар! Келеңсіз жағдай болды. Біздің парақшаға, көмекші балаларға көптеген адамдар хабарласып, қайдағы жоқ бір лоторея туралы айтып жатыр. Сіздерге мен тағы да айтамын. Осыған дейін де бірнеше рет айтқанмын. Мен ешқашан, ешкіммен лоторея ойнатпағанмын. Біреудің ойнатқан лотореясына да қатысым жоқ. Егер менің суретімді қойып сіздерге жазатын болса немесе хабарласса, "сіз ұтыс ұттыңыз" десе, сол адаммен алдап-сулап кездесіп, милицияға апарып соттатыңыздар. Басқа не айтамын енді. Ешқашан лоторея ойнатқан жоқпын, ойнатпаймын, – деді ақын видеода.https://www.instagram.com/p/CFokOmJgtdj/