Қалада қоғамдық көліктерде электрондық төлем жүйесін енгізу 15 қазанда іске қосылады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлімдеді.
Бұл жүйеге 1 қарашада толық көшеді. Жолаушылар ол уақытқа дейін қолма-қол және төлем карталарын қолдану арқылы төлейді. Жоба «QazSmartTrans» компаниясы инвестициясының арқасында жүзеге асып отыр. Яғни, жобаға мемлекет қаржысы жұмсалып жатқан жоқ. Электрондық билеттендіру жүйесі бәріне де тиімді. Мәселен, қоғамдық көлікті жан-жақты модернизациялау барысында көмегі көп, – деді М.Исахов.
Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, бұл жүйені енгізудегі негізгі мақсат – «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, цифрлық шешімдері мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту мен жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау және қалалық бюджетке түсімдерді арттыру.