Жапония айда зауыт салмақ: Елімізде той өткізуге рұқсат бергені рас па?
Жапония айда зауыт салмақ: Елімізде той өткізуге рұқсат бергені рас па?
28 қыркүйек күніне арналған маңызды жаңалықтарға шолуды Newsroom+Ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады.
Елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны көбейді
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал бір адам ковидтік пневмониядан көз жұмды. Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты. 13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды. 1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.Жапония айда зауыт салмақ
2035 жылы Жапония айда сутегі отынын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Kyodo ақпарат агенттігінің мәліметінше, зауыт мұз қабаттары орналасқан оңтүстік полюс аймағында салынады. Зауыттан отын, әрі оттегі мен сутегі өндіріледі. Сутегі айдың өзінде немесе жер орбитасы мен айдың айналасындағы ғарыш станциясының арасында қозғалу үшін отын ретінде пайдаланылады. Мұндай жоба жерден отынды тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп, ғарыш пен айды игеруге жол ашады.Қазақстанда 867 адам осы уақытқа дейін КСРО төлқұжатымен жүрген
Биыл 8 айда елімізде бұрынғы КСРО төлқұжатымен жүрген 867 адам анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бастығы, полиция полковнигі Сабыржан Сейтжанов айтты. «Еліміздің әр жерінде құжатсыз тұрып жатқан адамдар анықталып жатыр. Осыған орай министріміздің тікелей тапсырмасымен биыл арнайы акция ұйымдастырып жатырмыз. Статистикаға көз салар болсақ, 2019 жылы «қызыл төлқұжатпен» (КСРО төлқұжаты) жүрген 1 727 адам құжаттандырылды. Биыл 8 айда 867 адам анықталып, жаңа құжатын алды», – деді комитет бастығы ІІМ-нің Facebook парақшасында өткен брифинг барысында. Мысалы оның айтуынша, Қостанай облысында бір ер адам 30 жыл бойы құжатсыз тұрған. Оны ішкі істер органдарының қызметкерлері анықтап, тиісті көмек берген. «Қазіргі уақытта ол жеке куәлігін алды. Тағы бір мысалға тоқталсам, Қарағанды облысында 46 жастағы әйел мен оның ұлы ұзақ уақыт бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бүгінде біздің қызметкерлер тиісті сұрау хаттарын жолдап, олардың қай жерде туғанын, тұрғанын анықтап жатыр. Ал Алматы облысында көші-қон қызметі қызметкерлері өңірде тұратын үш қарт адамға алғаш рет жекебастарын куәландыратын құжаттарын береді. Оның бірінің өз азаматымыз екендігін анықтап жеке куәлік берсек, екіншісіне азаматтығы жоқ куәлігін табыстады. Ал үшінші қарт адам Ресей азаматы болып шықты. Оған ықтиярхат рәсімдедік», – деді Сабыржан Сейітжанов.Коронавирус вакцинасы үшін жарты миллионға жуық акуланы өлтіруі мүмкін
АҚШ-тың жабайы табиғат жөніндегі сарапшылары коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау үшін жарты миллионға жуық акуланы өлтіруі мүмкін екенін айтты. Басылымның мәліметінше, акуланың бауырында негізінен косметикада қолданылатын сквален деп аталатын майлы элемент бар. Сонымен қатар ол кейбір вакциналарда да қолданылады екен. Осыған дейін GlaxoSmithKline компаниясы скваленді пайдаланатынын мәлімдеген. Алайда фармацевтикалық компания препараттың миллиард дозасын жасау экологиялық апатқа әкелуі мүмкін деген пікірде. Америкалық Shark Allies ұйымының сарапшылары сквален негізіндегі вакцина пайда болса, әр адамды вакцинаның бір дозасымен қамтамасыз ету үшін 250 000 акуланы өлтіру керегін айтады. Алайда, кейбір ғалымдар халық арасында иммундауды жүргізу үшін екі доза керек болуы мүмкін деп санайды. Демек, ол үшін 500 000 акуланы өлтір керек. Shark Allies ұйымы акулалар балық аулауға және балық майын өндіруге қатысты ережелері жоқ аумақта ауланатынын жеткізді. Сондай-ақ, мамандар вакцинаны жасаушылар акуланың бауырынан алынатын скваленді өсімдік аналогынан артық бағалайтынын атап өтті. Себебі ол 30 пайызға арзан екен. «Акуланың бауыр майынан скваленді алу арзан және оңай», – дейді Shark Allies ұйымы. Shark Allies негізін қалаушы Стефани Брендл фармацевтикалық компания вакцина өндірісін бәсеңдетуге немесе оны болдырмауға тырыспайтынын айтады.Әкем біледі: 11 жастағы ер баланы әкесінің досы зорлап келген
Сұмдық жайт! Қызылорда облысында 11 жастағы ер баланы әкесінің досы зорлап келгені анықталды. Бұл сұмдық көрініске баланың туған інісі куә болыпты. Ал әбден қорланған ұл жантүршігерлік оқиғаны көршілеріне жайып салған. Оны естіген көршілері, денреу дабыл қағып, жергілікті полицейге шағымданған. Ең сорақысы, бұл іске әкесінің де қатысы бар екен. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген оқиға Сырдария ауданының Шаған елді мекенінді болған. Ауыл жұртына бұл жайлы зәбір көрген баланың 5 жасар інісі айтып беріпті. Бүлдіршіннің сөзінше, әкесінің досы үнемі үйге қонып, оның 11 жастағы ағасын зорлап келген. Ең сорақысы бұл жайлы әкелері біліпті. Алайда, досының әрекетін әшкере етудің орнына өзі де үлкен ұлына арагідік жыныс мүшесіне массаж жасатыпты. Оны естіген көршілері, дабыл қағып құзырлы органдардан көмек сұраған. Лилия ГАЛИЕВА, Шаған ауылының тұрғыны: «Лейла апа Нұрлан аға мені зорлады дейді. Қалай зорлады? Әкеңе айт дедім. Бірақ папа аузыңды айырамын деп айтты, ешкімге айтпа деп. Лейла апа папада маған кейде уқала деп айтады. Папа бір рет болса да істемеді. Бірақ уқаладым. Уқаламасам ұрады, сосын қашам үйден. Анау каналда ұйықтаймын дейді». Бұл қорлықтан әбден мезі болған жеткіншек жеткіншек иен далада қонып жүрген. Көршілерінің сөзінше, балалардың анасы осыдан бірнеше жыл бұрын көлік қағып, қайтыс болыпты. Ал әкесі ішкілікке салынып, балаларының жәрдемақысына күн көріп келген. Қоғам белсендісі Дина Смаилова қамқор көрсететін органдарға өкпесі қара қазандай. Айтуынша оқиға 14 қыркүйек күні болған. Алайда, іс тек бірнеше күннен кейін ғана қозғалған. Ең сорақысы дәл осы күні балалардың жағдайын білуге ешкім келмеген. Тіпті қамқорлық көрсететін органдары тарапынан да қолдау болмапты. Дина СМАИЛОВА, «НЕ МОЛЧИ» қорының негізін қалаушысы: «Біздің арнайы сенім телефонына ауыл тұрғындары хабарласып, мектеп оқушысына зорлық жасалған мәлімдеді. Ең қызығы қамқорлық көрсететін органдары ешқандай шара қолданбаған. Оқиға 14 қыркүйек күні болған. Көршілері мән-жайды білген соң жергілікті полицейге хабарласқан. Дәл осы тұрғындаорға алғысымызды айтамыз, әйтпесе сұмдық жағдайдың соңы не болар еді?» Қазір жеткіншек пен оның інісі балаларды бейімдеу орталығына орналастырыпты. Ал жыныстық әрекет көрсеткен қаскөй қамауға алынған. 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Қызылорда облысы Сырдария ауданында жас балаларды азғындық жолға түсіру фактісін жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балалар облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Елімізде балаларға қарсы жасалатын осындай қорлау фактілері көбеймесе азаяр емес. Биыл сегіз айда кәмелтеке толмаған балалаға қарсы 644 қылмыс тіркелген. Оның ішінде зорлау фактісі 49 пайзыға өскен, 174 бала педофилдердің құрбаны болған.Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үйден бөлек қайда жұмсауға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша ақша жинағанын жария етті. БЖЗҚ мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар: 5 615 939 – ер, 5 254 671 – әйел. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 040 миллиард 032 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі. 5 906 632 адам – 500 мың теңгеге дейін; 1 590 837 адам – 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін; 2 348 114 адам – 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін; 634 188 адам – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін; 238 931 адам – 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін; 151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие. Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1 миллион 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге. Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 миллион теңге, ал әйелдерде – 4,4 миллион теңге. Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатынын айтты. Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қазақстанда той өткізуге рұқсат бергені рас па – министрлік жауап берді
Елімізде той өткізуге рұқсат бере ме? Министрлік жауап берді. Қазақстанда карантин шектеуі мен тыйымына қарамастан өткізіліп, короновирустың тарауына себеп болған тойлар қаншалықты жиі кездесті? ҚазАқпарат агенттігінің бұл сұрағына министрлік төмендегідей жауап берді. «Той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) өткізу короновирус инфекциясының таралуына себеп болды деп тікелей байланыстыру мүмкін емес. Өйткені ауру таратушы кім болғанын, аурудың инкубациялық кезеңі барын ескере отырып, жалпы тойға барып, жаппай ауыру фактісі тіркелмегенін хабарлаймыз», – деп жауап берді министрліктен. Қазіргі таңда халыққа той өткізуге рұқсат берілді ме? Бұл сұраққа жауап ретінде министрлік бұған дейін енгізілген тыйым күшінде қалғанын мәлім етті. «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына сәйкес отбасылық, салтанатты, естелік шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған», – делінген жауапта. Карантинді режим кезінде құқық бұзып, той немесе еске алу шарасын жасаған тұлғаларға Әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылған. Айта кетсек бұған дейін той немесе еске алу шарасын өткізген мейрамхана иелері мен жеке адамдар қалай жазалатынын ескерткен еді.