Трамп Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға ұзартты

05 Наурыз, 2019 2079 0

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 наурызда Қырымды басып алуына байланысты 2014 жылы Ресейге қарсы енгізген санкцияны тағы бір жылға ұзартты. Бұл туралы Ақ үй хабарлады.

Құрама Штаттар Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы алғашқы санкцияларды 2014 жылдың 6 наурызында енгізген. Оған себеп "Ресейдің Украинадағы демократиялық процестер мен институттарды бұзуы; бейбітшілікке қауіп төндіру, қауіпсіздік, тұрақтылық, егемендікке және территориалдық тұтастыққа қол сұғу" делінген хабарламада.

Одан кейін санкциялар кеңейе берді.

"Ресей билігінің әрекеттері мен саясаты бұрынғыдай Құрама Штаттардың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр", – делінген Трамп мәлімдемесінде. Сол себептен 2014 жылы жарияланған санкция енді тағы бір жылға созылады.

Тегтер: ақш, ресей, санкция, қырым

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.