Алматы қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде орналасқан «Бордель» жабылды

05 Наурыз, 2019 611 0

Алматы қаласының Түрксіб ауданында қонақ үй кешендерінің бірінде орналасқан «Бордель» жабылды, деп хабарлайды өңірдің ІІД.

«Сейфуллин даңғылы бойында рейд жүргізілді. ҚР ӘҚбК-нің 450 бабына сәйкес – жезөкшелікпен айналысуға арналған белгілі бір үй-жай беру, бір түн ішінде интим-қызмет көрсететін 4 жезөкше үйі анықталды. Жезөкшелер үйінің 1-і теміржол вокзалының жанында орналасқан қонақ үйдің ішінде, ал қалған 3-і пәтерде орналасқан», - делінген хабарламада.

Бұл үйлер сол уақытта болған «клиенттер» ПД-не жеткізіліп, қылмыстық жазба арқылы тексерілген. Олардың арасында қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін іздестіруде жүрген 3 адам болған. 

Сонымен қатар, осы түні қоғамдық орындарда азаматтарды тым көп мазалауға байланысты 28 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қоғамдық орындарда ішімдік ішіп мас болып жүретін 43 адамға айыппұл салынып, құқық бұзушылық бойынша 64 адамға әкімшілік материалдар жиналған.

Тегтер: алматы, бордель, ІІД

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.