Сандар сырыңызды біледі: өзгелер айтпаған жаман қасиетіңізді анықтаңыз

Сандар сырыңызды біледі: өзгелер айтпаған жаман қасиетіңізді анықтаңыз

ашық дереккөзі

 width= Қазір өзіңізді осы ағаштың қай жерінде отырмын деп ойлайсыз? Таңдадыңыз ба? Ендеше таңдаған ағашыңыздың қандай мағына беретінін оқыңыз. №1, 3, 6, 7 сандарын таңдағандар кедергілерге көп кездесетін жандар, бірақ ешқашан өмірге өкінішін білдіріп, налымайды. № 2, 11, 12, 18, 19 – нағыз ұқыпты, әдепті адамдардың таңдаған саны. Жауапкершіліктері мол, сенуге тұрарлық жандар. – № 4 – жетістікке жету жолында қанша жеңілсе де, соңынан нәтиже шығаратын шыншыл адамдар. Әсіресе, қыз балалар батыл келеді. – № 5 – сіз ұялшақ, ұяң адамсыз. Ортада өзіңізді көрсетуге қысыласыз. Денсаулығыңызда кінәраттар бар, әлсізсіз. Бірақ өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Энергияңызды дұрыс қолдана біліңіз. – № 9 – өте ақылды, байсалды жансыз. Адамдарға көмектескенді жаныңыз сүйеді. Мотивацияны жақсы бересіз. Кейбіреулеріңіз белді қызмет иегерісіз. № 13, 21 – үнемі оқшауланып жүресіз, бойыңызды мазасыздық билеп алған. Жалғыздық құдайға ғана жарасатынын біле тұра, қасыңызға ешкімді жуытпай жалғыз жүресіз. Бірақ сабырлы, төзімді, қиындыққа шыдай білетін жансыз. – № 8 – оқуда озатсыз, бірақ тәкаппарлығыңыз көп жерде жеңілістерге алып келеді. – № 10, 15 – у-шуды ұнатпайсыз. Бір қалыпппен, күнделікті бір іспен келе жатқан жансыз. Сізге өзгеріс керек. Кітап көп оқыңыз. – № 14 – саяси жаңалықтарды көп қарайсыз, негатив көп айтасыз. Тынымсыз адамсыз, эмоцияңызды жасыра алмайсыз. Бірақ достыққа адалсыз. – № 20 – көшбасшылық қасиетіңіз бар. Ортаңызда сыйлысыз, достарыңыз көп. Алайда отбасыңызға көбірек көңіл бөлгеніңіз жөн. – № 16 – махаббатта жолыңыз болмаған. Бірақ сезімге адал екеніңіз белгілі. Бар назарды өзіңізге аудартқанды ұнатасыз.

Жүктелуде...