Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үйден бөлек қайда жұмсауға болады?
Зейнетақы қорындағы ақшаны тұрғын үйден бөлек қайда жұмсауға болады?
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтар 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қанша ақша жинағанын жария етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
БЖЗҚ мәліметінше, 10 870 610 адамның шотында зейнетақы жинағы бар: 5 615 939 – ер, 5 254 671 – әйел. Олардың жалпы жинағы 11 триллион 942 миллиард 813 миллион теңгеге жеткен, оның ішінде 7 триллион 040 миллиард 032 миллион теңге ер азаматтарға, ал 4 триллион 902 миллиард 781 миллион теңге әйелдерге тиесілі.
5 906 632 адам – 500 мың теңгеге дейін;
1 590 837 адам – 501 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін;
2 348 114 адам – 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейін;
634 188 адам – 3 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін;
238 931 адам – 5 миллионнан 8 миллион теңгеге дейін;
151 908 адам 8 миллион теңгеден жоғары зейнетақы жинағына ие.
Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы – 1 миллион 254 мың теңге, ал әйелдерде – 933 мың теңге.
Алайда бүкіл жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданыста болған кезең ішінде жарналарды тұрақты түрде аударып отырған адамдардың зейнетақы жинақтарын бағалайтын болсақ, онда 1998 жылдан бері зейнетақы жарналарын ай сайын аударып отырған салымшылардың арасында ер азаматтардың жинақтарының орташа сомасы 5,8 миллион теңге, ал әйелдерде – 4,4 миллион теңге.
Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында 2021 жылы БЖЗҚ салымшылары өз зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін ала алатынын айтты.
Осыған байланысты мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл соңына дейін барлық қажетті нормативтік-құқықтық актілерді түпкілікті қабылдау үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.