Жаңалықтар

Экология тек мекемеге ғана керек емес - Мұрат Әбенов

Экология тек мекемеге ғана керек емес - Мұрат Әбенов

 width= «Серпін» ұлттық білім және инновация палатасының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов балалардың экологиялық білімін кім жетілдіруі керек деген сұраққа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Балалардың экологиялық білімін кімдер жетілдіруі керек? Осы мәселе бойынша біз Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Білім және ғылым, Экология, геология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен бірге онлайн пікір алмау ұйымдастырғанбыз. Сол жерде байқағаным, қоғамда бұл мәселені бір министрлікке артып қоймай, бәрі де айналысуы керек. Мәселен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – мәдениет саласының жұмысы. Өндіріс экология талаптарына сай атқарылуы керек. Бұл мәселемен Білім және ғылым министрлігі де айналысуы керек. Яғни барлық мекеме бұл жұмысты бірлесе атқаруы керек», - деді Мұрат Әбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл бағытта бірнеше жоба бастаған.
«Мәселен табиғи бақтарды ірі компанияларға беру мәселесін айтайын. Біз өткенде Іле-Алатауына бардық. Маған ұнағаны – Іле-Алатауында меймандарды қабылдайтын «Визит-орталықтар» бар. Сол орталықтарда балаларға табиғаттың ерекшелігін үйретеді: қай жерде қандай өсімдік өсіп, қай жерде құрт-құмырсқа мекен ететінін айтады. Менің ойымша, сол жаққа балалар біріншіден демалуға барады, екіншіден сол демалыста жүріп, экологиялық білім алады», - дейді ол.