Танымал меценат тағы да үш отбасыға пәтер сыйлады

05 Наурыз, 2019 745 0

Жамбыл облысында Қордай ауданының құрметті азаматы Сәрсебек Салыбаев "Туған елге тағзым" акциясы аясында тұрмысы төмен үш отбасыға пәтер алып берді, деп жазады newsroom.kz

Сәрсебек Салыбаев қордайлық танымал меценат 2017 жылы ол бес отбасының баспаналы болуына көмектескен, бұл жолы тағы үш мұқтаж отбасыға пәтер сыйлады.

Гүлмира Добай даяшы болып жұмыс істейді, екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Келіншек өз үйім болса деп армандайтын. Оның арманы «Алғыс айту» күнінде орындалды.

Жалғызбасты ана Раяна Бектұрова мен Әуелбек Балбек те өз баспаналарының кілтін ұстады.

Айта кетейік, кәсіпкер қайырымдылықпен айналысып қана қоймай, ауданның көптеген тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. 

Тегтер: жамбыл, қордай, пәтер, меценат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.