Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
28 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Бұл сынақ мені одан да күшейте түсті»: Жека Fatbelly ашық сұхбат берді

«Бұл сынақ мені одан да күшейте түсті»: Жека Fatbelly ашық сұхбат берді

«Бұл сынақ мені одан да күшейте түсті»: Жека Fatbelly ашық сұхбат берді
ашық дереккөзі
 width= Жека Fatbelly есімімен танымал қазақстандық вайнер Жеңіс Омаров әкесі мен бауыры туралы сұхбат берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видео Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. "Мен әкем, анам, бауырым бар мінсіз, бақытты отбасында дүниеге келдім. Алты жасқа дейін осындай отбасында тәрбиелендім. Алты жасымда әкем менің көз алдымда түрмеге қамалды", - дейді Жеңіс. Ал 13 жасқа келгенде вайнер бауырынан айырылғанын айтады. Оның айтуынша, бауыры қатты ауырған, ауруы үш жылға дейін созылған. Психикалық ауруы болды. Бұл үш жыл маған өте ауыр болды дейді вайнер. Біраз уақыттың соң Жеңістің әкесі бостандыққа шыққан, бірақ кейін ол әкесінің есірткіге тәуелді екенін білген. Осылайша вайнер 17 жасында әкесінен айырылған. "Мен осы сынақтан өтуім керек болған. Енді мен қиындықтарды қалай өткеру керегі туралы бөлісе алатынымды түсінемін. Өз басымнан сондай жағдай өтті. Бірақ бұл сынақ мені одан да күшейте түсті. Мен ағамның немесе әкемнің жолымен жүрмеуім керек, мен өзім дұрыс тұжырым жасай алуым керек", - деді вайнер сұхбатында.