Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты

Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты

ашық дереккөзі

 width= Әлемде коронавирус жұқтырып, қайтыс болған науқастар саны бір миллионнан асты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап. Worldometer порталы қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған 7,6 миллион адам бар деп хабарлайды. Сондай-ақ, 24 миллионнан астам науқас пандемия басталғалы бері ауырып, жазылып кетті. Қайтыс болғандардың негізгі бөлігі АҚШ-та — 204 мыңнан астам адам қаза тапты, содан кейін Бразилия, Үндістан және Мексика тіркелген, ал Ұлыбритания бесінші орында тұр. Сoronavirus2020.kz сайтының мәліметтері бойынша, науқастар өлімінің 1 699-ы Қазақстанға тиесілі.

Жүктелуде...