Жапония айда зауыт салмақ
Жапония айда зауыт салмақ
2035 жылы Жапония айда сутегі отынын өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Kyodo ақпарат агенттігінің мәліметінше, зауыт мұз қабаттары орналасқан оңтүстік полюс аймағында салынады. Зауыттан отын, әрі оттегі мен сутегі өндіріледі.
Сутегі айдың өзінде немесе жер орбитасы мен айдың айналасындағы ғарыш станциясының арасында қозғалу үшін отын ретінде пайдаланылады.
Мұндай жоба жерден отынды тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік беріп, ғарыш пен айды игеруге жол ашады.