Жаңалықтар

Тағы 9 оқушыдан коронавирус анықталды

Тағы 9 оқушыдан коронавирус анықталды

 width= Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Irbistv.kz сайтына сілтеме жасап. Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде бастапқыда бір мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болған адам қатарында екен. Санитар дәрігерлер оқушымен 44 адам байланыста болғанын хабарлады, нәтижесінде тағы үш оқушыдан COVID-19 анықталған. Бәрінде ауру симптомсыз өткен. "Баланың жағдайы қанағаттанарлық, ешқанда шағымы жоқ, ауру симптомсыз өтіп жатыр. 16 қыркүйектен бастап ол мектепке баруын тоқтатқан, қазір үйдегі карантинде жатыр. Мектеп бойынша жедел тергеу басталды, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Мектепті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жасау жоспарланды. Ол әлі де жалғасып жатыр", - дейді Павлодар облысының бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев. Алексеев мектебі белгісіз уақытқа жабылды. Шешім эпиджағдайға байланысты қабылданады. Сондай-ақ санитарлық дәрігер ауданда тағы бес баладан коронавирус анықталғанын хабарлады - үш жағдай павлодарлық мектептерде, біреуі Ақсуда және тағы біреуі ауданда. Бұл оқушылар қашықтан оқыған. Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталған болатын.