С.Еслямова Канн кинофестиваліндегі жеңісі жайлы: Біз бұған 7 жылымызды сарп еттік

21 Мамыр, 2018 899 0

Қазақстандық актриса Самал Еслямова «Вечерняя Астана» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында Канн кинофестиваліндегі жеңісті жолы туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Самал Еслямова 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» аталымы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Ол Қазақстанның тумасы, талантты ресейлік режиссер Сергей Дворецкойдың «Айка» атты психологиялық драмасында қырғызстандық эмигранттың рөлін сомдаған болатын. Самал Еслямова Солтүстік Қазақстан облысында туған. Оның түр-тұлғасынан шынайылығы, ешкімге ұқсамайтын ерекшелігі байқалып тұрады. Ішкі жан-дүниесі терең, бай. Бұл қасиеттер драмалық кино актерларының өзгеге ұқсамайтын болмысын қалыптастырады. «Айка» фильміне Самал өмірінің 7 жылын арнаған. Киноның түсірілімі дәл осынша уақытқа созылған. Туынды Еуропаның үздік сыншыларының жоғары бағасына ие болды. Картинада Мәскеуге келген қырғыз қызының тауқыметі мол өмірі баяндалады. - Картинаны түсіруге жеті жылға жуық уақыт кетіпті. Осы кезең арасында сізге ең қиын соққаны не? - Фильмде көтерілетін тақырып жеңіл тақырып емес. Бұл психологиялық драма, сол себепті түсірілім кезінде де қиыншылықтар болды. Мен өз жұмысымды өте қатты жақсы көремін, маған өз ісіммен айналысқан рухани ләззат сыйлайды. Дәл осы қасиет және режиссердің шығармашылық әлеуетіне деген сенім маған күш берді. Бұл туындыда мен сомдаған кейіпкер кадрдың 99,9 процентінде болды. - Самал, келесі сұрақ сіз ойлағандай ерекше емес, бірақ оны қоймай өте алмаймын. Қазір өзіңізді қалай сезініп отырсыз? - Мүмкін, әлі осы жүлдені жеңіп алғанымды сезіне алмай жатқан шығармын. Бәрі түс секілді. Қалай айтсам екен, бұл өте бір жақсы сезім. Біздің барлық шығармашыық ұжым ең жоғарғы жүлдені алу үшін аянбай еңбек етті, сол үшін барымызды салдық. - Сіз жүлде тапсыру рәсімінде ұлттық нышандары бар ерекше көйлекпен шықтыңыз. Оны таңдауға көп уақыт жұмсадыңыз ба? - Менің оған уақытым мүлде болмады. Әрине, мен ұлттық киіммен шыққым келді. Ол үшін Қазақстанға келіп, өлшеп көру керек еді. Қайталап айтам, бос уақыт мүлде болған жоқ. Біз біздің отандастарымыздың - қазақстандық продюссерлердің көмегімен түрлі образдарды қарап көрдік те, осыған тоқталдық. Бұл көйлекті маған Мәскеуге әкеліп берді. - Мықты бәсекелестеріңіз болғаны үшін қобалжыған сәтіңіз болды ма? - Шынымды айтсам, фестивальге қатысып жатқан барлық фильмді қарауға мұршамыз болмады. Алайда біз жанкештілікпен еңбек еттік, бар жігерімізді жұмсап, жеңіске жетуге ұмтылдық. - Барша оқырмандарымыздың атынан сізді тарихи жеңісіңізбен құттықтаймыз, Самал. Сұхбаттасқаныңыз үшін алғыс айтамыз. Фото Roman Gurochkin-нің Facebook-тегі парақшасынан алынды.




Тегтер: самал, еслямова, канн, қазақстан, петропавл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.