Елу екінші: Алматыда «Абдулла» атты үш қабатты жаңа мешіт ашылды

Елу екінші: Алматыда «Абдулла» атты үш қабатты жаңа мешіт ашылды

ашық дереккөзі

 width= Алматыдағы Түркісіб ауданындағы «Жас Қанат» ықшам ауданында демеушілік қаражатқа салынған мешіт ашылды. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының бас мүфтиі қатысты. Мешіт «Абдулла» атауын иемденді. Мешіттің ашылу салтанатына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Алматы қаласының дін істері жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Қиқимов, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай қатысып, сөз сөйледі. Бұл Алматыда ашылған 52 мешіт. Мешіт үш қабатты. Мешіттің сыйыну залы, 250 адамға арналған асханасы мен 80 көлік сиятын автотұрағы, балалар алаңы, неке қию залы бар. Жаңа мешіттің бас имамы болып Тыныштықбай Мырзаев тағайындалды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...