Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қанға бөккен Қарабақ: Әзірбайжан мен Армения арасында қиян-кескі шайқас басталды

Қанға бөккен Қарабақ: Әзірбайжан мен Армения арасында қиян-кескі шайқас басталды

Қанға бөккен Қарабақ: Әзірбайжан мен Армения арасында қиян-кескі шайқас басталды
ашық дереккөзі
 width= «Армения мен Әзірбайжан қарулы күштері арасында кескілескен шайқас басталды. Екі тараптан да бейбіт тұрғындар мен сарбаздар арасында шығындар бар деп жазады», BBC сайты. 26-қыркүйек күні Әзірбайжан тарапы Арменияның шекаралас аймақты атқылағанын жеткізген болатын. Ал 27-қыркүйекте екі елдің әскері ашық қарулы қақтығысқа көшті. Армения қарулы күштері Әзірбайжанның 2 тікұшақ, 3 танк және 14 өздігінен ұшу құрылғысын жойғанын мәлімдеп, дәлел ретінде танктерді жойған видеоны көрсетті. Әзірбайжан Арменияның әуе қорғанысын қамтамасыз ететін 12 дана «OSA» зымыран кешені мен жаяу әскердің көзін жойғанын мәлімдеді. Армения тарапынан премьер-министр Н.Пашинян "Еліміздің әскерилерін өздерінің борышын өтеп жатқан аудандарға дереу барып, Отан үшін, Жеңіс үшін жұмылуын сұраймын" деген үндеу жасады. Әзірбайжан президенті И.Әлиев болса "Шейіт болған сарбаздарымызды Алла жарылқасын. Олардың қаны үшін кек аламыз. Қазір Әзірбайжан әскери күштері жау нысандарына жойқын соққы беруде. Біздің шабуылымыздан ондаған әскери техниканың көзі жойылды. Жеңіске дейін тоқтамаймыз" деп халқына арнайы үндеуін тікелей эфирден жеткізді. Қазіргі таңда екі елдің әскері шекаралық аймақтың барлық тұсында ұрыс жүргізуде. Қосымша әскери күш пен техника қақтығыс алаңына жеткізуде. Таулы Қарабақ пен Армения әскери жағдай жариялады.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ