Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өз елімде вирусты тоқтатқым келді - Қуат Хамитов

Өз елімде вирусты тоқтатқым келді - Қуат Хамитов

Өз елімде вирусты тоқтатқым келді - Қуат Хамитов
ашық дереккөзі
 width= Қазақстандық файтер Қуат "Найман" Хамитов әлі де дезинфекторлармен күрес жүргізу қажет екенін айтты. Мәскеудегі Fight Nights Global 98 турниріндегі жеңісінен кейін ол YouTube-тегі Ресейдің "Ушатайка: Спорт-Экспресс" арнасына ашық сұхбат берді, онда спортшы ешкімнен кешірім сұрамағанын, сондай-ақ ұсталғаннан кейін тамақ ішпегені жайлы және неге мұндай ауыр мәлімдемелер жасайтынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Еске салайық, Хамитов коронавирустың таралуы туралы видео түсіріп, талқыға қалған болатын. Онда спортшы дезинфекторларды ату керегін айтып, кейін полиция бөліміне жеткізілген. Бостандыққа шыққан соң спортшы мұны әзіл деді. "Осы тақырыпты көтергенімде адамдардың көбі мені есінен алжасқан деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс нәрсе. Уақыт келгенде адамдар біле бастайды. Көбі менің дұрыс айтқанымды түсінеді. Адамдар халықты улайды, сол кезде олар орынсыз ауыра бастайды. Сол үшін мен бұл қорлықты тоқтатқым келді. Мен бұл ауруды тоқтатқым келді. Кем дегенде өз елімде. Себебі барлық туысым, достарым екі-үш күнде ауырып қалды. Сондықтан мен бәріне шығып, мұны қандай да бір жолмен тоқтау керегін айттым, білмеймін. Көшелерде дезинфекторларды тоқтатып, олар қандай ерітіндімен дезинфекция жасап жатқанын тексерініз", - деп түсіндірді Қуат Хамитов. Спортшының ойынша, оны тек дезинфекция жасайтындарға қатысты айтқан сөзінен емес, бұрынғы мәлімдемелері үшін де ұстаған. Осылайша оны тәрбиелегісі келгенін айтты. Сұхбат барысында Қуат Хамитов екі күндік қамау қалай өткенін баяндады. "Мен түрмеде, торда отырғанда, мүлдем тамақ ішпедім, аш болым деп айта аламын. Олар маған, әрине, таңғы ас, тамақ әкелді. Бірақ маған олар ұсынған нәрсені жеуге болмайды, өзіңіз білесіз, диета кезінде бәрін қатарынан жей алмайсың. Ештеңе сұрамадым, мен барлық адам, қарапайым халық сияқты тыныш және бейбіт отырдым", - деді спортшы. Қуат Хамитов бұл айтқандары үшін кешірім сұрамағанын, бірақ кейбіреулер оның видеосын неге осылай түсіндіргенін айтты. "Мен екі күнде қанша салмақ тастағанымды білмеймін, бірақ сол уақытқа дейін шаршаңқы болдым. Сонымен қатар, мен тәттілерді өте жақсы көремін. Сондықтан қанттан бас тартқанда сына бастаймын, "вампирге" айналамын. Осындай видео интернетте тарады. (...) Олар түсірген видеода мені ұрғандай көрінді. Ал шын мәнінде, мен осы сәтте салмақ қуып жүргенмін, шаршаңқы болдым, жекпе-жекке 10-12 күн қалған еді. Соңғы спарринг болып, шаршап тұрғанмын, шашым осындай. Сол сәтте олар мені телефонға білдіртпей түсіріп алған және бұл видео тарап кетті. Көптеген адам маған біреуден кешірім сұрағанымды айтады. Мен ешкімнен кешірім сұрамадым. Мен өз сөзімнен таймаймын. Мен сондай-ақ халықты улауды тоқтату керек деп санаймын", - деп түйіндеді ол.