Тәуекел Мүсілім енді түрік фильмдеріне түспек

01 Наурыз, 2019 643 0

Тәуекел Мүсілім өзінің актерлік қабілетін енді тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де байқап көрмек. Бұл жайында сері жігіт "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасында айтты деп жазады newsroom.kz

Әншілік өнерді шетке ысырып қойған актер түрік фильміне түсіп жатыр.

"Қазіргі уақытта Өзбекстан мен Ресей, Қазақстан мен Түркия бірлесе отырып түсірген "Барон 2" фильмінің түсірілімінде жүрмін. Мен фильмде түрлі қиындыққа тап болған қазақ жігітінің рөлін ойнаймын. Басынан сан алуан жағдай өткен жігіттер кейін бәрін түсінетін болады.
Мен осыған дейін Қырғызстан фильмдеріне түстім. Қазір Өзбекстандамын. Түрік бауырларымыз да менің Түркияда мүмкіндіктерім бар екенін айтты. Өз қабілетімді шетелде де байқап көремін", - дейді Тәуекел Мүсілім.

Естеріңізге сала кетейік, Тәуекел Мүсілім биылғы жылдың өзінде қазақстандық екі фильмге түскен.



Тегтер: тәуекел, актер, барон2, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.