weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
26 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматы маңындағы ɵзен қызыл түске боялды

Алматы маңындағы ɵзен қызыл түске боялды

Алматы маңындағы ɵзен қызыл түске боялды
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысы Қаскелең қаласында қызыл түске боялған өзен видеоға түсірілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Видеоны оқырмандар редакцияның WhatsApp нөміріне +7 777 001 44 99 жіберді. Кадрларда мөлдір, бірақ ашық қызыл түсті өзен көрінеді. "Қанға өте ұқсайды", - деген болжам жасады оқырман. Қарасай ауданының әкімдігі мәліметті растады. "Қала тұрғынының сигналы бойынша әкімдік қызметкерлері оқиға орнына шықты. Олар жақын маңдағы ауданды қарап шығып, жеке үйлердің бірінде мал союмен айналысқан тұрғындарды тапты. Олар қалған қанды өзенге құя салған. Судың қызыл түске боялуы басқа құрылыс материалдары мен химиялық элементтерден емес, қанға байланысты. Алдағы уақытта мұндай жағдайға жол берілмеуі үшін анықталған үйдің тұрғындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта өзендегі судың сапасы қалыпқа келді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.