Назарбаев пен Мирзиёев өзекті мәселелерді талқылады

Назарбаев пен Мирзиёев өзекті мәселелерді талқылады

ашық дереккөзі

 width= Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёевті Сарыағаш қаласына шақырды. Жұмыс кездесуі 25 қыркүйекте өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Назарбаев пен Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады, өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Коронавирус инфекциясының салдарын тез арада еңсеру үшін үкімет деңгейінде тиімді өзара әрекеттестікті жалғастыруға ерекше назар аударылды. Сауда көлемін ұлғайту және сауданың келісілген өлшемдеріне қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау, екі ел бірлесіп қабылдаған "Жол картасы" шеңберінде өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік саласындағы жобаларды жүзеге асыруға жәрдемдесу, аймақаралық байланыстарды қолдаудың маңызды екені айтылды. Сондай-ақ аймақтық серіктестікті ілгерілету, оның ішінде былтыр қараша айында Ташкентте өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші консультативті кездесуінен кейінгі уағдаластық аясындағы мәселелер қозғалды. Сонымен қатар ТМД шеңберіндегі өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды. Кездесу дәстүрлі түрде ашық және достық ахуалда өтті.

Жүктелуде...