Жаңалықтар

Қазақстаннан автокөлік сатып алудың 7 кемшілігі

Қазақстаннан автокөлік сатып алудың 7 кемшілігі

 width= Қазақстанда жеңіл автомобиль құрастыру 46,3 пайызға өсіп, 37 436-ға жетті. Автобус техникасын шығару (1089 көлік) 39,6 пайызға жоғарылады. Сонымен қатар, жүк көліктерін құрастыру (4248 көлік) 2,6 есеге өскен. Елімізден автокөлік сатып алу жақтарын Түркия мемлекетімен салыстырып көрейік. Жазба Ғалымжан Өтелбайдың facebook парақшасынан алынды. 1.  Түркияда еркін әрі кедергісіз бәсекеге түскен автосалондар саны өте көп. Қазақстанда санаулы ғана автосалондар бар. Бәсекеге қабілетсіз, әрине. 2. Түркия лирасы теңгеге қарағанда құнды болғасын көлік бағасы көп өспейді. Қазақстанда көліктер бағасы доллар өскен сайын еселене береді. 3. Түркияда автосалондардың өзі банктердің қатысуынсыз кредитке көлік бере береді. Қазақстан автосалонынан тек қолма қол ақшаға немесе банк арқылы ғана аласың. 4. Түркияда автосалондар көлікті 0.95%-1.45% кредитке береді (екі пайызға жетпейді. Қазақстанда ондай қызмет түрі жоқ. 5. Түркияда банктер арқылы алсаңыз, 1.99%- 2.45% кредит шамасында ( үш пайызға жетпейді). Қазақстанда 1 жылға алсаңыз 14%, ал 7 жылға алсаңыз 19%. Егер, 17 млн тұратын көлікті 7 жылға алсаңыз үстінен 9 млн шамасында қосып төлейсіз (17 млн. тұратын көлікті 26 млн-ға алған боласыз сонда). 4 пайыз деп жазып қоятыны бар, бірақ алу мүмкін емес.4%-дық бағдарламаның құжат жинау машақатына шыдамай екінші дәрежелі банкке ұрынады. Қарапайым, табысы аз таксимен күн көретін жүргізуші 20 пайыздық несие жабумен өмірі өтеді. 6. Түркияда автосалондарда жаңа көліктің өзін саудаласып алуға болады. Бәсекелесі көп болғасын түсіруге мәжбүр. Қазақстанда бір тиын да түсір деп айта да алмайсың. Саудаласу тек базарда ғана болады деген қасаң түсінік қалыптасқан бізде. 7. Түркияда әр бір 6 ай сайын президент Ердоған автосалондарға пайызсыз несиеге көлік беру немесе ең төменгі мөлшерде (0.3%-0.5%) беру туралы тапсырма береді. Автордың ойынша, Қазақстандағы көлік өнеркәсібі мен сатып алу жағы Түркияға қарағанда төмен. Еуропа елдерімен салыстыруға келмейтінін мәлімдеді.