Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады: қылмыстық іс қозғалды
Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады: қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан қаласында 70 жастағы зейнеткер телефон ұрлады деп айыпталуда - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеушілердің болжауынша, ер адам кафеде отырған отбасының үстелге ұялы телефондар қойғанын көрген. Ол мұны пайдаланып, шығар жолда өзімен бірге жалпы құны 150 мың теңге болатын екі смартфонды алып кеткен.