Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
26 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады: қылмыстық іс қозғалды

Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады: қылмыстық іс қозғалды

Елордада 70 жастағы зейнеткер ұрлық жасады: қылмыстық іс қозғалды
ашық дереккөзі
 width= Нұр-Сұлтан қаласында  70 жастағы зейнеткер телефон ұрлады деп айыпталуда - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеушілердің болжауынша, ер адам кафеде отырған отбасының үстелге ұялы телефондар қойғанын көрген. Ол мұны пайдаланып, шығар жолда өзімен бірге жалпы құны 150 мың теңге болатын екі смартфонды алып кеткен.
Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол бұрын ұрлық үшін сотталған екен. Ұрланған телефондар тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Соталды тергеу жүріп жатыр, зейнеткер кінәсін мойындады.
Полицейлер қазақстандықтардан аса мұқият болуды және жеке заттарын қараусыз қалдырмауды сұрайды.