Мемлекет басшысы автокөліктің капотына тарихи жазба қалдырды
Мемлекет басшысы автокөліктің капотына тарихи жазба қалдырды

"Президенттің өзі қол қойған көлік тарих үшін сақталып, зауыт кеңсесінің көрсету залына қойылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.Мемлекет басшысына жобаның Алматы қаласының индустриялық аймағындағы мемлекеттік құрылымдардың қолдауымен жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндалды. Кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін оның қуаты бірінші кезеңде жылына 30 мың, екінші кезеңде 45 мыңға дейін машина жасауға жетеді. Инвестицияның жалпы көлемі – 28 миллиард теңгеден астам, оның 30% – компанияның өз қаражаты. Hyundai Trans Kazakhstan кәсіпорны 700-ге жуық жұмыс орнын ашып, сабақтас салалардың дамуына серпін береді.
