Әуе Күштері Ан-26 (б/н 76) ұшағы құлаған кезде 25 адамның қаза тапқандығы белгілі болды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
25 қыркүйекте сағат 20.50-де Чугуев қаласының маңында әскери әуежайдан шамамен екі шақырым қашықтықта Украина ҚК Ан-26 ұшағы құлап, өртенген.
Бортта 7 экипаж мүшесі және И.Кожедуб атындағы Әуе Күштері университетінің 20 курсанты, барлығы 27 адам болған, деп хабарлады Facebook-те УҚК Әуе Күштері басшылығы. Ұшу білім беру бағдарламасы шеңберінде өткен болатын.