Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырды
Аймағамбетов коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырды

«Клиникаға дейінгі зерттеудің нәтижесін күнделікті алып тұрдым. Вакцина сараптамасының нәтижесі мен тиімділігін көріп, өзіміздің отандық вакцинаны ектіруді жөн деп шештім. Одан бері біраз уақыт өтті. Өзімді жақсы сезініп жүрмін, ешқандай катаралдық белгілер байқалмады, температурам да көтерілмеді», - деді А. Аймағамбетов.Отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері шетелде де қолданылып жүр.
«Зерттеушілер жылдар бойы инфекциялық ауруларға қарсы вакцина әзірлеп, енгізіп жүр. Ол елімізбен қатар шетелде де белсенді қолданысқа ие», - дейді ол.