Астанада болған өрттен 25 адам құтқарылды

01 Наурыз, 2019 643 0

Астаналық құтқарушылар тұрғын үйден шыққан өрттен 25 адамды құтқарып қалды, оның ішінде 10-ы бала, деп хабарлайды newsroom.kz , Елорда Инфоға cілтеме жасап.

«28 ақпан күні «101»  Өрт сөндіру байланысының орталық пультіне Бұхар жырау көшесінде орналасқан тұрғын үйде электроқалқанның жануы туралы хабар түсті. Түскен хабарлама бойынша тез арада өрт орнына №7. 4. 16-Мамандандырылған өрт сөндіру бөлім кезекші қарауылы жөнелтілді. Шақыру орнына келген кезде 5 минуттан кейін 4 қабатты «Камал-4» тұрғын үй кешенінің 4-қабаты аралығында 5 метр электрокабельдің өртеніп жатқаны  анықталды», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Түтін кіреберістің барлық қабаттарына таралып, тұрғындардың сыртқа шығу жолдарына кедергі келтіріп, адамдардың өміріне қауіп төндірген. Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері өрт сөндіру кезекші қызметінің жалпы басшылығымен адамдарды құтқаруға кіріседі. Құтқару жұмыстарына автосатылар және газ түтінен қорғау қызметі жұмылдырылған. Жеке құрам адамдардың басым көпшілігін пәтерлердің терезелерінен құтқаруға мәжбүр болған. 

«Өрт сөндіру байланысының орталық пунктінің диспетчерлік құрамы және ӨСКҚ, 16-МӨСБ, 4-МӨСБ, 3-МӨСБ кезекші қарауылдардың бірлескен және кәсіби сауатты іс-қимылдарының нәтижесінде 21 адамның өмірі құтқарылды. Олардың ішінде 4 жасар бала және жүкті әйел болды. Адамдардың  денсаулығына зақым келген жоқ. Өрттің әрі қарай таралуына жол берілмеді. Өрт бірінші бөлімшенің келу уақытына таралған көлемде жойылды», - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 10 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамнан 29 адам жұмылдырылды.

Астана қаласында өрттердің ұлғаюына байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға қайғылы оқиғалардың алдын алуда өрт қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертеді.


Тегтер: астана, төтеншежағдай, өрт

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.