Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов журналистердің ведомство басшысы Алексей Цойдың Алматыда блогерлермен кездесуі туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
21 қыркүйекте Желіде Алексей Цойдың Алматы кафелерінің бірінде блогерлермен кездесуі туралы ақпарат пайда болған.
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында БАҚ өкілдері "уақыты жоқ" деген Цойдың неге журналистер алдына шықпай, екі сағатын блогерге арнағанын сұраған.
"Блогерлермен кездесу - БАҚ секілді кездесу. Дәл қазір кейбір блогердің аудиториясы кейбір БАҚ-қа қарағанда көбірек. Сондықтан мен медиа-маман ретінде бұл кездесуді өткізуге кеңес бердім. Бұл қоғаммен байланыс жасауға кезекті тиімді құрал деп ойлаймын", - деп жауап берді ол.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі 1 қазанда Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатына шығатынын айтты.