Жаңалықтар

Конституцияға өзгеріс енгізудің керегі жоқ - Президент

Конституцияға өзгеріс енгізудің керегі жоқ - Президент

 width= Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Таяуда Қазақстан өлім жазасын алып тастауды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылды. Бұл Конституцияға толық сәйкес келеді және негізгі заңға ешқандай өзгеріс енгізудің керегі жоқ. Өлім жазасы мораторий ретінде қарастырылған, оны біздің тұңғыш президентіміз жариялаған болатын, сондықтан іс жүзінде біздің елде өлім жазасы жоқ", - деді ол. Еске салайық, кеше Қазақстанда Қазақстанда өлім жазасы жойылған болатын.