Денсаулық сақтау министрлігі кезекші сыныптарда коронавирусты жұқтырғандардың санын жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметтің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше мектепте және балабақшада коронавирус жұқтырған адамдар анықталды.
"Солтүстік Қазақстан мектептерінде, сегіз білім беру мекемесінде және бір балабақшада 12 адам вирус жұқтырды. Барлық жерде қажетті эпидемиологиялық шаралар қолға алынды", - деді Қожахмет орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, байланыста болған барлық адам 14 күнге үй карантиніне жіберілген.
"Осылайша, Қазақстанның екі өңірінде кезекші сыныптарда коронавирус анықталды. Барлығы 16 бала ауырып қалған", - деп атап өтті Қожахмет.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптар мен шағын мектептерде төрт оқушы коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат тараған болатын. Атап айтқанда, Шемонаиха ауданының төртінші сыныбында оқитын екі оқушы, Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы және Алтай ауданының 2-сынып оқушысы. Науқастар оқитын мектеп шағын жинақталған мектеп болып саналады. Екі сынып пен бір мектеп екі апталық карантинге жабылды.