Елімізде балабақшада коронавирус анықталды
Елімізде балабақшада коронавирус анықталды
Қазақстанда балалар арасында коронавирус жұқтырудың тағы 12 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 12 жағдайы тіркелді, олар сегізі оқу орнында, сондай-ақ бір балабақшада анықталды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, аталған мекемелерде эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Байланыста болғандар үй карантиніне 14 күнге жіберілді.