Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңгенің қаншаға өсетіні айтылды

Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңгенің қаншаға өсетіні айтылды

Карантин қайта енгізілсе 42 500 теңгенің қаншаға өсетіні айтылды
ашық дереккөзі
 width= "Атамекен" палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов карантин қайта енгізілген жағдайда 42 500 теңгені қаншаға өсіру керектігін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Кеше ғана министр бұл ақшаның көлемін арттыруды қарастырамыз деді. Бірақ біз ол мәселені мамыр айында айтқанбыз. 42 500 аз. Девальвация, инфляция бар. Төлемді индексациялау қажет. Біздің есебіміз бойынша 55-60 мың теңге болуы мүмкін. Әрине, бәрі бюджетке байланысты", – деді Мырзахметов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Айта кетейік, 24 қыркүйекте мәжілісте өткен үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмысынан айырылғандарға берілетін төлемнің мөлшерін арттыру жоспарланып отырғанын айтты. Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, алдағы уақытта карантин қайта енгізілсе, қазақстандықтар жұмысынан айырылып, табысы азаюы мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болу қажет. Осыған байланысты карантин кезінде жұмыссыздар үшін жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем мен оның кезеңін арттыру туралы ұсыныстарды енгізу жоспарланған.