Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Мезгілсіз өлімнің белгілері анықталды

Мезгілсіз өлімнің белгілері анықталды

Мезгілсіз өлімнің белгілері анықталды
ашық дереккөзі
[caption id="attachment_26516" align="alignnone" width="2000"] width= Women body fat on background.[/caption] Адамның дене салмағы нормаға сай болып тұрса да, қарынға жиналған май мезгілсіз өлімнің қаупін күшейтеді. Иран мен Канаданың ғалымдары осындай шешімге келді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ғалымдар тобы қарындағы майдың жиналуы мен сан алуан себептерден болған өлім-жітімнің арасындағы байланысты зерделеп, осы мәселе бойынша 70-тен астам ғылыми жұмысты қарап шықты. "2,5 миллион еріктінің денсаулығына қатысты мәлімет жан-жақты зерттелді. Осы кезде мамандар бел мен санның көлеміне, екеуінің ара қатынасына, денедегі майдың мөлшеріне және тағы басқа көрсеткіштерге баса назар аударған", – делінген ақпаратта. Зерттеудің нәтижесінде ғалымдар маңызды бір шешімге келді. Оған сәйкес, қарында май қыртыстары бар пациенттердің ерте қайтыс болу көрсеткіші жоғары. Мәселен, белдегі майдың көлемі 10 сантиметрге артқан сайын мезгілсіз өлімнің қаупі 11 процентке көтеріледі. Ал белдің санмен немесе боймен ара салмағы 0,1-ке (интернетте арнайы калькулятор бар – Sputnik) көбейсе, ерте қайтыс болу көрсеткіші 20 процентке ұлғаяды. "Демек қарындағы майдың жиналуына қарап, мезгілсіз өлімнің қаупін анықтауға болады", – дейді ғалымдар.