Детектив ит Жаңаөзеннен 45 келі есірткі тапты

Детектив ит Жаңаөзеннен 45 келі есірткі тапты

ашық дереккөзі

 width= Жаңаөзен іргесіндегі Теңге ауылында қызметтік ит 45 келі есірткі тапты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ұлттық Ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есірткі тасымалдаушының жолын кескен иттің аты - Детектив.

«Сөмкеге салынған қарасораның бірінші бөлігін, яғни 10 келісін күдіктінің үйінен қызметтік-іздестіру иттері тапты. Ал қалған бөлігі, 35 келі сарайдан тәркіленді. Сондай-ақ, үйдің бақшасынан өсімдіктің 180 сабағы табылды», -деп хабарлады баспасөз қызметі .
Детектив бұған дейін маусым айының соңында есірткі сатқан күдіктіні ұстауға көмектесті. Ол 28 жастағы жігіттің сөмкесінде жатқан жарты келі марихуананы тапты. Иісшіл ит Ұлттық гвардияда бес жылдан бері қызмет етеді. Осы уақыт ішінде кинологиялық жарыстарға бірнеше рет қатысып, жүлделі орындарға ие болды«,-делінген баспасөз хабарламасында.  

Жүктелуде...