Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының тауларына қар жауды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қар облыстың бірнеше ауданында - Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында жауды. Осы табиғи құбылыстың видеосы мен суреттерін әлеуметтік желі қолданушылары жариялап жатыр. Видеолардың бірінің авторы Марқакөл қорығының аумағында таңертең жауған қардың биіктігі 12 сантиметр екенін айтты. 1860 метр биіктіктегі Риддер маңындағы тауларда да қар жамылғысы көрінеді. "Қазгидромет" РМК орталығының өкілдері бұл ақпаратты растап, Шығыс Қазақстанның таулы аудандары үшін бұл үйреншікті құбылыс екенін атап өтті, бірақ әдетте бұл жерлерде қар сәл кеш түседі.
"Біздің метеостанцияларымызда тек Марқакөл қорығының аумағында қар аралас жаңбыр байқалды, қалған станцияларда қар болған жоқ. Бірақ тауларда Катонқарағай, Күршім аудандарында және Риддер қаласының маңында қар жауған. Оның мөлшерін айта алмаймын, өйткені тауларда метеостанциялар жоқ", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК кезекші синоптигі Динара Жылыбаева.
Маманның айтуынша, алдағы күндері ШҚО-да күн жылынбайды. Облыс аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейеді.