Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне деп берілген пәтерде әкімдік қызметкерлер тұрып жатыр, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі
"Бірінші арна Еуразияға" сілтеме жасап.
Шенеуніктердің пәтерде заңсыз тұрып жатқанын қаладағы қоғам белсенділері анықтаған. Олардың айтуынша, Өскеменде мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Жетімдер бірнеше рет тұрғын үй саласындағы астыртын әрекеттерге бірнеше рет шағымданған және арнайы комиссия құрамына кірген.
Олар Тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері, полицейлер және ПИК өкілдерімен бірге 102 пәтерді тексеріп, бірнеше заңбұзушылықты анықтады.
Жетімдерге арналған 15 пәтер жарты жылдан аса уақыт бойы бос тұр. Олардың 10-ы үшінші тұлғаларға жалға беріледі, ал екеуі "қағаз жүзінде" балалар үйінің кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушілеріне берілген, бірақ іс жүзінде ол жерде басқа адамдар тұрады.