Қазақстандық шаңғышы "допинг ережесін бұзды" деп айыпталды

28 Ақпан, 2019 624 0

Шаңғы спортынан Австрияның Зефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық бір шаңғышы "допинг ережесін бұзды" деп айыпталған. Бұл туралы Австрия полициясына сілтеме жасаған newsroom.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттік дерегінше, "допинг ережесін бұзды" деп айыпталғандар арасында екі Австрия және екі Эстония шаңғышысы да бар. Австрия полициясы ұсталған спортшылардың аты-жөнін жарияламады.

Полицияның айтуынша, олар 27 ақпанда арнайы рейд ұйымдастырып, спортшыларды тексерген.

27 ақпанда Австрияның Зефельд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин 15 шақырымға классикалық әдіспен шаңғымен жүгіру жарысына шыққан жоқ. Шаңғышы не үшін жарысқа қатыспағаны әзірге белгісіз.

28 ақпанда Қазақстан шаңғы спорты түрлері федерациясы әлем чемпионаты кезінде ұсталған шаңғышы Алексей Полторанинге қатысты ақпарат берді.

- Егер оның допинг қолданғаны шын мәнінде расталса, федерация бұл туралы ресми мәлімет жариялайды. Полтораниннің допингке қарсы ережелерді бұзғаны толығымен дәлелденбейінше және федерация WADA, ХОК, FIS секілді ұйымдардың Алексейге ресми түрде айып таққанына көз жеткізбейінше, біз спортшымызды қорғайтын боламыз, - деді шаңғы спорты түрлері Ұлттық федерациясының баспасөз-хатшысы Самал Наурызова.


Тегтер: шаңғы, полторанин, допинг, чемпион

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.