Оңтүстік өңірлерден солтүстікке 1 858 отбасы көшті

28 Ақпан, 2019 445 0

«Еңбек» бағдарламасы аясында еліміздің жұмыс күші артық аймақтарынан 1 858 отбасы көшірілді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды newsroom.kz.

«2018 жылдың қортындысы бойынша, еңбек күші артып жығылатын аймақтардан солтүстік өңірлерге 6 766 адам немесе 1 858 отбасы қоныс аударды. Қоныс аударған азаматтардың ішінде  еңбекке жарамдылар саны 3 265 адам болса, оның  2 263-і жұмыспен қамтамасыз етілді.  Соның ішінде 180 адам кәсіпкерлікпен айналысады, 112 адам жаңа тұрғылықты жерінде оқумен қамтылды», - делінген министрлік мәліметінде. 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының мобильдігін ынталандыру үшін өз еркімен қоныс аударған азаматтарды мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.  



Тегтер: банк, астана, жұмыс, еңбек

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.