Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сарапшы: АҚШ пен Қытай Путиннің ұсынысын қабылдамайды

Сарапшы: АҚШ пен Қытай Путиннің ұсынысын қабылдамайды

Сарапшы: АҚШ пен Қытай Путиннің ұсынысын қабылдамайды
ашық дереккөзі
 width= Қытай мен АҚШ Ресей басшысы Владимир Путиннің "ғарышқа қару орналастырудан бас тарту керек" деген ұсынысын қабылдамайды дейді Канада сарапшысы. Ұсынысты Путин БҰҰ-ның Бас ассамблеясында айтқан еді. «Қоғам ғарыштық технологиялар мен спутниктерге тәуелді. Дәл осы технологиялар біздің әскери әлеуетіміздің бөлінбес бөлшегіне айналуда. Сондықтан да АҚШ пен Қытай сынды державалар Путиннің ұсынысын қабылдауы екіталай», — дейді канадалық әскери сарапшы Скотт Тейлор. Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ғарышта қару орналастырудан бас тартуға шақырып БҰҰ-ның Бас ассамблеясында арнайы бейнеүндеу жасаған болатын.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ