Йемендік «Ансар Алла» әскери ұйымы 23-қыркүйекте Сауд Арабиясының әскери базасына зымыранмен жойқын соққы жасады. Шабуыл салдарынан ондаған Сауд Арабиясының сарбазы қаза тапқан. Эр-Рияд бастаған коалиция күштерінің әскери базасы Йеменнің Саада аймағында орналасқан. «Әль-Джазира» арнасының хабарлауынша шабуылдан 12 сарбаз қаза тауып, ондаған жауынгер ауыр жарақат алған.
Бұған дейін тамыз айында йемендік хоуситтер Сауд Арабиясының астанасына зымыранмен соққы жасап, маңызды нысанның көзін жойғанын хабарлаған болатын.