Өмірзақ Шөкеев шетелде оқуды қызыл дипломмен бітіріп келген - Нұрсұлтан Назарбаев

28 Ақпан, 2019 787 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының маңызын ерекше атап өтті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Шетелде оқып келгендер біраз қиыншылықтарға тап болған. Соған қарамастан, оқуды үздік бітіріп келгендер аз емес. 

«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «Болашақ» бағдарламасының түлегі Әбутәліп Мүтәлі барлық түлектердің атынан шетелде алған білімін ел игілігі үшін жұмсайтынын айтып, уәде берді. Осы кезде Президент «Болашақ» бағдарламасының маңызын ерекше атап өтті. 

«Болашақпен» оқуға барған балалардың басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ. Қазақтың ішінен математик те, физик те шығады. Біздің ішімізден шыққан сен сияқты балалар «Болашақтың» арманын орындаса, жақсы болар еді», - деді Н.Назарбаев 

Осы орайда Президент «Болашақ» бағдарламасына дейін шетелде оқып келген аға буынның тәжірибесі туралы әңгіме өрбітті.

«Сендер ғана емес, сендерден бұрын да ақылды ағаларың бар ғой. Мына жанымызда отырған Өмірзақ Шөкеев ағаң Мәскеуге оқуға барғанда бірінші курста бір ауыз орысша білмепті. Соңында университетті қызыл дипломмен бітіріп шықты. Көрдіңдер ме? Математика-кибернетика мамандығы бойынша оқыды. Қазір Түркістанды дүрілдетіп салып жатыр», - деп атап өтті Н.Назарбаев. 




Тегтер: түркістан, әкім, астана, болашақ

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.